Өлең жаздым өзіңе – Медеу Демеу

Бұл бетте «Өлең жаздым өзіңе» атты Медеу Демеу жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 08.05.2016
  • 0
  • 0
  • 4224
Жан сергіткен өзіңсің,тау самалым,
Жетерлігін, білмеймін қашанға әлім?
Өлең жазып өзіңе барам әлі-ақ,
Қарсы алмасың, белгісіз,қарсы аларың.

Күттің кеше, бәлкім сен бірсікүні,
Менсіз өткен мезі етіп тіршілігің.
Терезесін ашайын көңілімнің,
Шуақ болып жаныма кірші,күнім.

Дедім бе екен, кімге енді ақтарылам,
Сені іздедім қаланың бақтарынан.
Күнде күтіп, күнім-ау, жанарымды,
Өзің келер Оңтүстік жаққа бұрам.

Болғаннан соң қуаныш,сезім де кем,
Мұңды күйдің пернесін безілдетем.
Бақытым да, бағым да, байлығым да,
Біле білсең тек сенің өзіңде екен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өлең жаздым өзіңе өлеңінің авторы кім?

Медеу Демеу — осы өлеңнің авторы.

Өлең жаздым өзіңе өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өлең жаздым өзіңе өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өлең жаздым өзіңе өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері