Экспромттар – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Экспромттар» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.09.2021
  • 0
  • 0
  • 775
1
Мыңқыл қақты-ау мынауың
жинақ болып шыққанда.
Тұмсығының тұмауы
өлеңіне жұққан ба?!
Иықтасып бір ермен
бүгін де ішіп кетулі.
Шашын жайып жіберген
долы қатын секілді.
Биік — ақын жағасы,
балақтан ал, күшігім.
...Мынауыңды, ағасы,
ең алдымен кісі қыл.
Мен өзіңдей мықты емен
бұлбұл жасар шымшықты...
Бір түртіп ем нүктемен —
"омай" деген үн шықты.

2
Жүргем мен де көрінгенге қол жайып,
байқа, жырым, мақтанғандай болмайық.
Қара қызға ғашық болып бір күні
қасіретінен кетіп едім сарғайып.
Мына баспен көпті көрген, көп білген
құтылмадым, тағдыр, сенің тепкіңнен.
Күйдім бір күн сары қыздың отына,
содан бері қап-қара боп кеттім мен.

3
Саған жігіт жетер ме деп қояды,
досың сені бекер демеп қояды.
Қайрап-қайрап бір қаттыға саларда
балтасың деп көтермелеп қояды.
Балта болсаң неге бұлай ұстайды?
Ұрғаныңнан ұшқын неге ұшпайды?
Қайрап-қайрап сені достар, о, қорлық,
кей күндері... қарындашын ұштайды.

4
Жұрттан артық, және тең —
дәнің бе бұл, көктемім?
Қоңырқайлау жан екен
дән секілді моп-момын.
Көп гүл өсті далаға —
көбін мақтап бітірдік,
Қанағат, жұрт, қанағат,
ей, шүкірлік, шүкірлік!
Көкте, қалқам, гүлде қыз,
ендігі ісің — Хаққа ауған..
Күндесеңіз күндеңіз,
күндеу артық мақтаудан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Экспромттар өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Экспромттар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Экспромттар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Экспромттар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері