Өлең, жыр, ақындар

Март

  • 27.09.2021
  • 0
  • 0
  • 688
Шәйі етегі сусырап аулада жүр Күншуақ,
Суырады көк сабақ әр жерді бір шымшылап.
Сары қаншық қыңсылап, қашқан болып арланнан,
Қапқан болып шаңқ етіп,
Қайта айналды қыңсылап.
Көлеңкесі тас үйдің — сол дегдімей тұр жалғыз —
Пеште ұйықтаған мысықтай қос уыс қар кір-жамбыз
Жатып қапты бүк түсіп,
Мезгіл жетті — бітті ісі:
Өстіп-өстіп жоғалмақ бір маусымның мықтысы.
Жастар жатақханасы — балкон ашық тұр, әне,
Қызғалдақтың исіндей қыздың даусы шығады.
Былтырғы күй табағы — қайта оянды сұңқылдап,
Сол сұңқылды, белгісіз, отыр екен кім тыңдап!
Екі-үш жігіт қутыңдап,
Балконда жүр, әне өріп —
Тамып түсе жаздайды қыздың көзі — қара өрік.
Бір шапалақ шарт етті сақалы бар бетке есіл —
Сақ ойнаңдар, жігіттер, көктемгі қыз өкпешіл:
Жымиюдың аяғы — жылау болып кетпесін,
Жылынудың аяғы — тұмау болып кетпесін!
Шаңдатқанмен шуақ жақ,
Көлеңке жақ— лас әлі,
Автобустар асығыс лай шашып асады.
Бүгін — жаяу,
Кешегі машинашыл халық бұл,
Жас шөпірдің алдында жасыл жарық жанып тұр.
Күн шуақта — бір мысық,
Жеңгем ұйықтап қалыпты,
ал бір әжем басына қызыл байлап алыпты.
Шай құюлы тұр еді жаңа үйімде, кеседе,
Қырықтағы ел — еңбекшіл,
Елікпейді десе де —
ойлап-ойлап еселеп,
Түсінбедім, не себеп:
Мен де шығып кетіппін байқаусызда көшеге...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Романс

  • 0
  • 0

Бұлақ асып аққанда шарасынан,
сені көрем жапырақ арасынан.
Өткінші екен о күндер — келді, кетті,
сезімді тек мұңды етті, мөлдір етті.

Толық

Күмән

  • 0
  • 0

Сонда сен бір сөйлеп едің нан ұстап —
мен жазылдым. Ол күн кетті алыстап.
Наныңды ұстап Мысыр бардың, Шам бардың
саған емес, нанға сеніп мен қалдым.

Толық

Күз

  • 0
  • 0

Сұп-суық күзгі леп,
Күзгі леп сүзгілеп
бұлтты бұлт тықсырды,
тықсырды, сұп-сұр ғып

Толық

Қарап көріңіз