Көктемді күтіп жүрмін мен

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 996
Кінәлап босқа өткенді,
Қайтемін айтып өкпемді.
Онан да, досым,
Осы күн
Сағынып жүрмін көктемді.
Ғаламат болды бұл неткен?!
Арылмай ғалам дүрмектен.
Жадырап,
Жайнап,
Жарқырап
Келмей-ақ қойды-ау бір көктем.
Кетпей-ақ қойды-ау қыс бірден,
Аязы бар ма үскірген.
Аяқта әлі бәтіңке,
Түскен жоқ тоным үстімнен.
Оранып үлде-бүлдеге,
Жетемін қашан шілдеге?
Кесірі кімнен,
Көктемім –
Кешігіп жатыр бұл неге?!
Өрілмей бұлақ жайлаудан,
Көрінбей гүлдер қойнаудан.
Жалықтым ба елде тойлаудан,
Қалыппын ба әлде ойлаудан?!
Қайда әлгі...
Қайран көктемім.
Қайырылмай неғып кеткенің?
Қажаған әбден кәрі қыс
Шеше алмай жатыр шекпенін.
Жалғасып бір күн бір күнмен,
Арылмай көңіл кірбіңнен.
Майданнан қайтқан көкемдей
Көктемді күтіп жүрмін мен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көктемді күтіп жүрмін мен өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Көктемді күтіп жүрмін мен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Көктемді күтіп жүрмін мен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Тұрғынбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көктемді күтіп жүрмін мен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері