Өлең, жыр, ақындар

Сөзім менің

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 532
Сары алтындай сақталған сөзім менің,
Тағдырыңды жиі ойлап көз ілмедім.
Сөз – бала ғой,
Баладан анасының
Қай уақытта көріп ең безінгенін?!
Сөз – бала ғой,
Баланы баптамасаң,
От пен судан – апаттан сақтамасаң.
Ол да жөнге жүреді – жуасиды,
Түзу жолға бейімдеп, қақпаласаң.
Өлең жазып жүргем жоқ осы бекер,
Өлең сөзсіз көңілдің хошы кетер.
Көңілімде күркіреп дауыл тұрса,
Сөзім менің – найзағай осып өтер.
Өлең жазсам боламын қолбасыдай,
Бір батырлық секілді жолдас ұдай.
Сөзім – сақа,
Сақаның алшысына
Ойларымды құямын қорғасындай.
Жыр жарықтық ұқсайды жыл құсына,
Жырсыз көңіл тарқамас бұлты, сірә...
Сөзім – соқа,
Саламын сол соқаны
Қабат-қабат ойлардың қыртысына!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көп қудым қызық думанды

  • 0
  • 0

Көп қудым қызық думанды,
Артымда айқай шу қалды...
Естінің сөзін ескермей,
Еледім өсек, сумаңды.

Толық

Соғыс туралы сөз

  • 0
  • 0

Соғыс деген мылтық емес атылған,
Бір сұмдықтың кілті де емес ашылған.
Соғыс мәңгі арпалысып келеді
Адам сонау пайда болған ғасырдан.

Толық

Құшағыңды аш, Қызылорда!

  • 0
  • 0

Құштар көңіл ұлың келді,
Құшағыңды аш, Қызылорда!
Сен жасырма сырыңды енді,
Өткен жылдар ізі бар ма?

Толық

Қарап көріңіз