Өлең, жыр, ақындар

Өлең керек өмірге!

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 868
Өлең керек Өмірге,
Өлең керек!
Жүректегі жараны ол емдемек.
Қалжыраған кезінде Дүниені
Қолтығынан жалықпай келем демеп.
Жаудың бұлты болса егер төнер кенет,
Жалын болып шарпиды денемдегі от.
Бейбіт күнді баянды қылмақ үшін
Өлең керек Өмірге,
Өлең керек!
Өлең керек Өмірге,
Өлең керек.
Оның рухы қалайша төмендемек?!
Тіршіліктің толқынды ағысында
Бұра алмайды бағытын кемем бөлек.
Керек, керек, бұл өлең керек, керек,
Өлең жайлы сөз де көп, дерек те көп.
Мен болмасам Өмірде (оқасы жоқ!)
Ал өлеңсіз... қалмай ма ел өкпелеп...
Қызық күннің бәрін де көрем бе деп,
Қызыл гүлдің бәрін де терем бе деп.
Құмарымды баса алмай мен келемін,
Сол үшін де Өмірге өлең керек!
Ақын болдым бойыма өнер дарып,
Нағыз қыран қияға қонар барып.
Қалжыраған тірліктің тамырына
Жүгіреді бұл өлең донор болып.
Жақсылықты жалғауға – өлең керек,
Жазықсызды қолдауға – өлең керек.
Ғашық болған кісіңе сырыңды айтып,
Бір сәлем хат жолдауға – өлең керек.
Дүние тұрса тұнжырап – өлең керек,
Жатқан болса кім жылап – өлең керек.
Тұма жатса жарқырап тау ішінде,
Бұлақ ақса сылдырап – өлең керек.
Асу да көп алдыңда, белең де көп,
Аялдамай, асығыс жөнел, демек.
Тіршіліктің тамыры тынбай соғып
Тұру үшін –
Өмірге Өлең керек!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қараша үй

  • 0
  • 0

Қараша үйдің түндігі
Қараша желмен желпілдеп.
Соққанда дауыл сұмдығы,
Оттан да қорқып қым-қуыт.

Толық

Бозала таңның буымен

  • 0
  • 0

Бозала таңның буымен
Бусанып ұшты бозторғай.
Жылқылар жусап түнімен,
Ұйқыға көңіл, көз қанбай.

Толық

Дүниені жапқанда қараңғылық

  • 0
  • 0

Дүниені жапқанда қараңғылық,
Мазалайды түсіме Арал кіріп.
Не жаздым деп қараймын айналама,
Көңілімде жоқ қылау, арам қылық.

Толық

Қарап көріңіз