Өлең, жыр, ақындар

Композитор

  • 27.09.2021
  • 0
  • 0
  • 597
Әр бұтаның тасасында жүр ықтап,
Асау дыбыс ілінбеген құрыққа;
Әлдекімнің делебесін қоздырып,
Не бояу боп бір жалт етпей көзге ұрып,
Көкірегінде ыстық, кіді, тар әрі
Күш-қайратың құр тұншығып барады.
Талғам, талғам, талғам сенің — кеселің,
Өз талғамың — өз жолыңды кеседі.
Машинаның тежелуді көп көрген
доңғалағы тез тозады деседі.
Бір бұрышқа өзіңді-өзің тықсырып,
тығып қойдың, жартас құсап түксиіп,
таңдайында тамшы жоқ,
талғай берген жөн бе көп,
қарашы өзің! Дүние әлі дөңгелек.
Жалынды да көкке көтеру үшін
кеңдік керек, жел керек.
Жел бар сенде,
Желің бірақ — қысқы жел
Сарнап есер мұзды мұхит үстінен. —
Сен сөйлесең тоңып бекер, бекерден,
сырт айналып жағаларын көтерді ел.
Үфі деп ең — аяз ұрды жарты қап,
құлақ бауын байлады, әне, бар тұмақ,
Жаһаннамда жалғыз досың қалды тек
Күздің соңғы жапырағындай қалтырап,
Ол да үзілер,
Үзіледі бәрі-бәрі,
бірақ саған жарамайды қалғаны.
Сені әлі жұрт талғампаз деп атай ма,
тым құрыса, жаңсақ іс қыл,
қате ойла —
түк бермесең талғамыңнан не пайда!
Жайдақ шамнан құлап түскен
көлеңкедей елеске
алданатын аңқау шіркін емес пе:
Сенеді жұрт сені салқын дегенге,
Өздерінің суықтығы жоқ есте.
Сен сөйлесең — бекер тоңып, қарашы,
көтеретін себебі сол жағасын.
Ең болмаса бір бұрқ етші, бір қайнап,
қалқымай-ақ қоялық біз кіл қаймақ.
Көже керек!
Жасап көрші бір нәрсе
Осы біздің талғамымызға ыңғайлап?
Ал әйтпесе, сырыңды құр қозғаған
Түсінетін құлақ — қыңыр,
Көз — надан:
Өзге адам боп көрінесің, өзге адам
және осының бәрінен де сөз жаман!
Нөсер де өтер,
Сел де өтер,
Мезгіл әлі талай-талай желдетер.
Өзіңді-өзің қыстың, қыстың сен бекер,
Қыссаң егер азап тартып, тер төгіп,
Сол қызудан кетпейсің бе өртеніп?!
Отың болса құрттың, құрттың қап, құрттың,
тамызық тасып думанына дақпырттың.
Суыдың ба, әлде, жердегі еңбектен
алау іздеп ар жағынан ақ бұлттың?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Құрманғазы "Сарыарқа"

  • 0
  • 0

Дауыл, дауыл! Күркіреп тұр;
Қырдан қырға шаң шұбады.
Бурыл бұлтты жыртып өтті
Найзағайдың қамшылары.

Толық

Қошалақ

  • 1
  • 1

Жатырмысың, самалды сай, сырлы алап,
жусаныңнан сынап-шықтар сырғанап.
Құм-шағылдан өсіп шыққан шоқыңа,
жолаушыдай өте алмадым бір қарап.

Толық

Бір әнші

  • 0
  • 0

Бұл не өзі ән бе, әлде айқай ма? –
Мен білмеймін, білсең, туыс.., айт онда.
Сахнада тұр ғой өзі, уақытын
Босқа өткізіп сынамақ па бақытын?

Толық

Қарап көріңіз