Алатауға сыр – Анар Шамшадинова

Бұл бетте «Алатауға сыр» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1183
Алатау қарайды бақсыдай,
Иығын, кеудесін қар баса.
Өмірге келгенім жақсы ғой,
Бітірген істерім далбаса.
Алатау айтпайды жай кеңес,
Құшағын қытықтап бас қала.
Бақытсыз жылдарым қайғы емес,
Мақсатсыз мінезім масқара.
Алатау қарайды түнеріп,
Қыс — мәңгі, жаз-көктем қала ма?
Арманым алысқа жүр еріп,
Сүймеген күндерім қара ала.
Алатау асықпай түйеді ой,
Сезімі жаңбырдан қар болған.
Һәм ғұмыр сүйем бе, сүйе ме ол?
Бір қазақ жігіті жар болған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алатауға сыр өлеңінің авторы кім?

Анар Шамшадинова — осы өлеңнің авторы.

Алатауға сыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алатауға сыр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Анар Шамшадинова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алатауға сыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері