Мұқағалиды сағынғанда – Анар Шамшадинова

Бұл бетте «Мұқағалиды сағынғанда» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1356
Жыласам жұбатардай, жырласам қуанардай,
Жанымнан табылар деп сәтімде ағалаған.
Жалғыз қап теңізімде, сіз келіп жұбанардай
Сағынып сіз бар күнді іздеймін жағалаудан.
Шығарып бәрін жоққа, шарқ ұрма, шағалалар,
Ұрлама сенімімді, жаншыма жалынымды.
Жалғыз қап бар әлемде сырласы жаға ғана,
Сізді іздеп көңіл шіркін, тағы мұңды.
Тонама тәтті елесті, толқындар, дарақылау,
Қолдама қабағымды, тауыспа тағатымды.
Оралса махаббатым, жоғалар қараңғылар,
Өткенді қайтарар ма, бұрайын сағатымды.
Көк аспан күңіренді жан-жақтан жабыла мұң,
Айырып жіберердей теңізді сабасынан.
Бос әуре, балғындықпен іздеймін, сабыламын
Қыранын Жетісудың Каспийдің жағасынан.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері