Өтініш – Анар Шамшадинова

Бұл бетте «Өтініш» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1401
Аң-таң болып сөзіме,
Басты арманым күпті тым.
Көрінбеші көзіме
Сенсіз де әлем бүп-бүтін.
Бақытымның басы боп,
Жылылықтың көкесі.
Шабытымның қасы жоқ
Өлең — үміт бөпесі.
Жалғыздыққа көнгенмін,
Кейде сүйіп бетінен.
Құмарлықты көмгенмін,
Оралмашы, өтінем.
Қарсы шығып көшеде,
Кезікпеші кештерде.
Кімдер қалай десе де,
Мені еске алма еш жерде.
Жолым болсын, болмасын,
Өмір сүру — міндетім.
Оңы, солы толмасын
Өлең — менің індетім.
Саған деген жүрегім,
Айналғандай бауырға.
Жарқын күліп жүремін,
Сенсіз өмір ауыр ма?
Сенсіз өмір тәуір ма?!.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өтініш өлеңінің авторы кім?

Анар Шамшадинова — осы өлеңнің авторы.

Өтініш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өтініш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Анар Шамшадинова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өтініш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері