Түңілу – Анар Шамшадинова

Бұл бетте «Түңілу» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1592
Тағдыр жынын көтермес еркеңіздің
Үрлеп ішер, үрке жеп күйген бәрі.
Көк мешітте сөз берген көркем қыздың
Түнде үйіне қонбайды сүйген жары.
Сынық айна секілді түрі үміттің,
Аржағынан бұлдырап бірдеңелер.
Қайран әке ұлыңды жылы күттің
Рахатқа ұмтылып құр дәмегер.
Өтелмеген парызы ана алдында,
Күрсінбейді көп перзент көңілі тоқ.
Сәтті шақта жөн тауып жана алдың ба?
Бір ағайдың арақсыз өмірі жоқ.
Жол көрсетпес, баққа айдап бақсылар көп,
Салмақтылық сезілмей сай қалаға.
Жаманға ермей, үлгі алар жақсылар жоқ,
Безіп кеткім келеді айдалаға...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері