Оралса екен көктемім – Анар Шамшадинова

Бұл бетте «Оралса екен көктемім» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1712
Ұясынан шығып Күн,
Жерге қарап жымиып.
Бүршік жарар шыбықтың
Бұтақтары тұр иіп.
Аяз қалып ашулы,
Терезелер қыраусыз.
Жаңбыр білмей жасуды
Етті бәрін қылаусыз.
Жылу-нұрдан сескеніп,
Қар, мұз ери бастаған.
Қарлығаштар кеш келіп,
Қала тонын тастаған.
Көшелерге жан кіріп,
Көп қозғалыс сезілген.
Жайдары кеш маң күліп,
Рахатпен көз ілген.
Еленбейді жел де есер,
Көрінбейді көкте мұң.
Келмей-ақ қой келмесең,
Оралса екен көктемім.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері