Бұл бетте «Мәңгі мұң» атты Анар Шамшадинова жазған мұң туралы өлең берілген.
Мама, сені сағындым.
Сағыныштан сары үміттей жайды ұғам.
Ең бақытты қайталанбас шағымның
Тұрады өзі қайғыдан.
Мама, маған ұрысқың,
Менің мәнсіз тірлігімді табалап.
Түбін таппай дұрыс пенен бұрыстың
Сүйген кетті жаралап.
Мама, сенің ақылың
Төрешісі талғажаудай есімнің.
Сенен алыс кетіп, тапқан жақыным
Иесі мұң-кешімнің.
Мама, аппақ арманым
Адасса да, алдаса да біргемін.
Шақырғанда шын бағыма бармадым,
Өзім үздім ілгегін.
Мама, мама, ақ мама,
Әулиесі, асылы сен жандының.
Поэзия — бағым шығар, даттама,
Ал махаббат — мәңгі мұң.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі