Бұл бетте «Енді маған бәрібір» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Енді маған бәрібір сүйгенің де,
Сүймегенің, келгенің, келмегенің.
Сағыныштың отына күйгенімде
Оралмадың, жаныма келме менің.
Енді маған бәрібір сағынғаның,
Аңсағаның, шалдығып, шаршағаның.
Жылтырағын әлемнің тағынғаның,
Еленбейді алдымнан қарсы алғаның.
Енді маған бәрібір, күлсін әлем,
Жылап жатсын толқындар кек бөлісіп.
Машиналар майы кем жүрсін әрең,
Ал адамдар сүйісіп, жек көрісіп.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі