Лагерьде – Баубек Бұлқышев

Бұл бетте «Лагерьде» атты Баубек Бұлқышев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2379
Еске аламыз осы жаз
Осы кеш, осы күндерді
Сәулетті костер басында
Айтылған шаттық өлеңді.
Қайнатып сорпа өзіміз,
Шатыр тігіп далада,
Расписаниені ұмытқан
Жас вожатый бала да.
Бақшада сарай сыртында
Әткеншекті тептік біз.
Орманды тоғай, өзенге
Қыдырып, сіңіп кеттік біз.
Бұрқыраған тәтті сүт,
Ауылдардан іштік біз.
Жорыққа талай болғанда,
Шикі су талай ішіп ек.
Тек докторға көрінбей
Сазды талай кешіп ек.
Біз, балалар, үйрендік
Бұлбұл құстай жырлауды,
Біздерді құс деп келгенін
Күзетуші орманды.
Еске аламыз осы жаз —
Осы кеш, осы күндерді.
Сәулетті костер басында
Айтылған шаттық өлеңді.

«Октябрь балалары»
№ 56 (1136) 1939 ж. 29 июль.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Лагерьде өлеңінің авторы кім?

Баубек Бұлқышев — осы өлеңнің авторы.

Лагерьде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Лагерьде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Баубек Бұлқышев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Лагерьде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері