Мезгіл суреттері
Бұл бетте «Мезгіл суреттері» атты Ілияс Жансүгіров жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 10.04.2026
- 0
- 0
- 1048
Жаз
Жерің анау,
Жасыл жолақ кілемдей.
Желің мынау,
Жігіт айтқан өлеңдей.
Көңіл анау,
Той ғып жатқан ауылдай,
Күнің мынау,
Елжіреген енеңдей.
Күз
Жерің анау,
Шала илеген терідей.
Желің мынау,
Дарымшының деміндей.
Көлің анау,
Насыбайлы түкірік,
Күнің мынау,
Ауылнайдың мөріндей
Қыс
Жерің анау,
Ақ кебенек, кебіндей.
Желің мынау,
Ел күңіренген өлімдей.
Көлің анау,
Көк пияла темірдей.
Күнің мынау,
Тұманды, түк көрінбей.
1923 жыл.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі