Октябрь күні – Ілияс Жансүгіров

Бұл бетте «Октябрь күні» атты Ілияс Жансүгіров жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Аспандағы алтын күн
Жылмияды неліктен?
Әлде оятқан мынау үн?
Әлде жүректі еріткен?
Мәңгі меңіреу Алатау,
Жабыққан қабақты ашқандай,
Күміс сумен жуынып,
Жұпар иісін шашқандай.
Айқайшы қораз шақырып,
Таң тамаша атқандай.
Төсін төсеп жер ана,
«Ойнақта»! – деп жатқандай.
Дуылдаған қалың ел
Тығыз күреп үйгендей.
Зуылдаған торғын жел,
Жалауды жалап сүйгендей.
Ауыр тұман, ауыр бұлт,
Ашылғандай аспаннан.
Әуені сасық жел аршып,
Асырғандай асқардан.
Сондықтан еркін дем алып,
Елге еркіндік туып тұр.
Масайрап бар халық,
Бет алып белін буып тұр.
Сар далада сайраңдап
Сағымнан қорыққан қоян ек.
Тас бүркеніп ұйықтап,
Жатпаушы ма ек, ояу ма ек?
Қоян қуған жыртқыштан
Айырған сенсің, төңкеріс.
Қарақшыға бет алып,
Елдің беті жөңкеріс.
Қайырлы болсын осы бет,
Қаламды болсын осы ниет.
Ел таласты көмбеге,
Ұранда дала, жосып, өт.
Ел тойлаған Октябрь,
Қадірлісің, жылдан-жыл.
Мақталарсың, боларсың,
Жылдан-жылға жырдан жыр.

1924 жыл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Октябрь күні өлеңінің авторы кім?

Ілияс Жансүгіров — осы өлеңнің авторы.

Октябрь күні өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Октябрь күні өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ілияс Жансүгіров өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Октябрь күні өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері