Өлең, жыр, ақындар

Жолаушы сыры

  • 04.06.2019
  • 0
  • 0
  • 3178
Өмірдің ұлы жолымен
Тоқтамай жүріп келемін.
Алдымда көп тамаша,
Келешекке сенемін.
Таусылмайды бірақ жол,
Мен де жүре беремін.
Іздегенім әлі жоқ,
Әлі жүріп келемін.
Бұраңдайды алдымда
Өмірдің қызық ол жолы
Сүйемін мен өмірді,
Сүйемін мен сол жолды,
Қиялға батам, ойланам!
Сапарым сондай қызық - ақ!
Тағы жүрем, тағы да,
Жол бұраңдап созылад.
Кетіп барам... келешек
Елестейді алдымда.,
Өмірдегі саяхат.
Жол сыры қуат жаныма,
Соғады, жүрек соғады,
Рух беріп қаныма.
Келешек түр көлеңдеп,
Күш беріп жас жаныма.
Кез келген жанмын жасымнан,
Өмірдің алтын таңына.
Сондықтан да құмармын,
Келешек сенің шамыңа,
Ғасырлар бойы шаршамай,
Бұл жолмен жүре берер ем,
Әттең, шіркін, не керек,
Қысқасың - ау, өмір сен!
Әр адамның алдында
Өзгеше өмір жолы бар.
Жеткізбейтін сияқты,
Жетесің сырын біліп ал...
Қарап тұрсам жол қызық.
Жолаушымын мен дағы,
Ойлап тұрсам жол қысқа
Жүре бер дейді ер дағы.
Текке ергім келмейді,
Еңбек керек өмірге.
Ескерткіш керек мен үшін,
Болдым деу үшін өмірде.
Өзім жүрген жолыма
Қалдырғым келед бір өрнек.
«Адам келіп кетіпті»
Деп жүрсін деп келешек.
Ұлы жолмен келемін,
Асығыспын ісім көп
Талпынамын өмірде
Өтпесін деп уақыт тек.

Москва, декабрь. 1940 ж.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қара шыбын мен ара

  • 0
  • 0

Бақшада, көктемгі ескен самал желде
Отырып, қара шыбын бір көдеде,
Масайрап жайғасты да кезін салды,
Жабысқан бір араға қызыл гүлде.

Толық

Алтын бұлақ

  • 0
  • 0

Суы бал, түрі көркем алтын бұлақ,
Көгі күн, негізі өмір жанған шырақ.
Кіршіксіз кристалдай сыры терең,
Өмірдің кілтін соққан астам шындап.

Толық

Бал бөбек

  • 0
  • 0

Балбыраған балауса,
Ыстық жүрек — бал бөбек.
Нарттай қызыл бетіңнен.
Қуаныш нұры тамады.

Толық

Қарап көріңіз