Өлең, жыр, ақындар

Парсы саздарынан

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1473
/С.Есениннен/
Сергей Есениннің лирикасы адам сезімін сиқырлап, ғаламат күйге түсіреді. Өлеңдері қазақ тіліне аударылып, бірнеше рет кітап болып шықты. Оның шығармалары оқыған сайын мені де бөлек сезімге бөлейді. Ғ.Қайырбеков, Қ.Мырзалиев ағаларымның жеріне жеткізген көркем аудармаларына қарамастан ұлы ақынның «Парсы саздары» атты ұялас өлеңдерінің біразын мен де өзімше қазақша сөйлеткім келгені...
***
Ескі жарам жүректегі шеменім,
Жазыларын байқағам.
Оның емі /болмаса да дегенім/,
Тегеранның гүлдері мен шайхана.
Шайханашы иығы да зор мына,
Атақ пен даңқы тұрар сай.
Арақ пен шарап орнына,
Құяды маған күрең шай.
Қожайын, сыйла барыңмен,
Жазылсын жанның жарасы.
Астынан перде жалынмен,
Тегін бе қыздың қарасы.
Қыз ғұмыр мына сіздерде,
Байлаулы иттей аңдарсыз.
Сүйісер жастар біздерде,
Ақшасыз және қанжарсыз.
Мен ұнатқан орасан бір,
Үшін Ару гүл өңі.
Мә, шәлісі Хорасанның,
Мә, Шираздың кілемі.
Шәйіңді әкел, ағат менен,
Кетпеді әсте Гүлдеймін.
Өзім үшін жауап берем,
Ал сен үшін...білмеймін.
Шыныма сырдың сізге өзі,
Бақшаңда маған есік бар.
Күлімдеп перде астынан,
Тұрғанда қарап қыз көзі,
Айта алам мұны кесіп дәл!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сәкеннің сымбаттылығы

  • 0
  • 0

Сәкеннің сымбаттылығы,
Бейімбеттің қымбат қылығы.
Қасымның оттылығы,
Махамбеттің өткір үні.

Толық

Хат

  • 0
  • 0

Ақпаның да,
Шуақты жазыңда бар,
Хатыңда әзілің де, назың да бар.
Тұратын еркелігің бірге атылып,
Хатыңда жанарың бар нұрға тұнық.

Толық

Сағым

  • 0
  • 0

Шыжып тұрған шілденің,
Тапа-тал түс шағында.
Дала деген бір керім,
Бөленеді сағымға.

Толық

Қарап көріңіз