Өлең, жыр, ақындар

Көгілдір көктем...

  • 28.06.2019
  • 0
  • 0
  • 3126
Көгілдір аспан,
Көгілдір теңіз,
Айналам бәрі көгілдір,
Сүйеді самал, сыйпайды беттен жеңіл нұр.
Тасиды көңіл / бастауы биік болғасын/,
Деп келем іштей, өмір-бақыт, өмір-жыр.
Көк шалғынға аунап.../бұл дәурен бастан өтер-ау/,
Ақ шәйі көйлек көгілдір тартты, көкем-ау!
Көгілдір көйлек көлеңдеп сезім биледі,
Көктемнің көркі көгілдірлігінде екен-ау.
Келеміз әсте бақыттың құнын сезіп біз,
/Мұратты жанның мақсатын алдан кезіккіз/.
Көктем кезіндегі көгілдір көркем әлемді,
Қол ұстасып кете берсек кезіп біз.
***
Көгілдір дүние,
Айнала бәрі көгілдір,
Өрекпігендей, аптығып алға көңіл бір.
Көгілдір нүкте – ақ жолақ сызды ақ лайнер,
Көгілдір құсым, әсем әніңді төгілдір.
Арманшыл жігіт, сапардан орал жеңіс боп,
Көгілдір бояу бозаң тартқанша сөгіс жоқ.
Бүр жаруы, көктеуі керек сезімнің,
Аспан да, жер де тегіс көк.
Шадыман шақта, төгілші сәуле, төгіл нұр,
Қарттарыңда да жасарып қалсын көңіл бір.
Жұпар иіс қырмызы қырды ораған,
Көктемнің түсі, сұлулық түсі-көгілдір.
Өмір – бақыт, өмір – жыр,
Білсеңіз және
Туымның түсі көгілдір.
***
Көгілдір түс,
Гүл көктемнің нәрі ме,
Көгілдірге боялады бәрі де,
Тау реңі-көгілдір,
Жарасады
Бау реңі – көгілдір,
Қала сәні.
Көгілдір – мұнара да
Аспанмен таласады,
Қарашы, әне,
Сенбесең қарашы әне.
Жан бітіріп,
Беретін суретке әр,
Әйтеуір бұл көктемде
Құдырет бар!!!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Маңғыстаудың ойында

  • 0
  • 0

Маңғыстаудың ойында
Бар – Оғыланды,
Ару Жемнің бойында
Бар – Ақмешіт...

Толық

Күй сазы

  • 0
  • 0

Айтар болсам,
Жасырмай не асырмай,
Отыр әлі алған әсер басылмай.
Шертсе деймін өмір сырын бар аспап,

Толық

Ана тілегі

  • 0
  • 0

Балам,
Балам,
Көз нұрым, қарашығым,
Анашың жиды өзіңе бар асылын.

Толық

Қарап көріңіз