Бұл бетте «Қанатты арман» атты Istileuoverjan жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қанатым болса аққудай,
Тұра алмаймын бақ қумай.
Бір көлден орын тебемін,
Жалғыздық жеген сатқындай.
Қанатым болса шағала,
Айдынның бетін кешемін.
Бір өзен бойы жаға ма?
Бетке ауып іздеп кетемін.
Қанатым болса жарқанат,
Түсіңе кірем бой талап.
Түн болса болды жар қалап,
Жаныңа келем, ой санап.
Қанатым болса қырандай,
Қалқимын көкке, тұра алмай.
Жемтікті іздеп кетемін,
Басқаға көңіл бұра алмай.
Қарлығаш болса қанатым,
Мен өткен іздер жанатын,
Жоқ меннен жақсы болатын,
Тік түсіп, бұра салатын.
Бір Періштедей қауырсын,
Бұйыртса екен маған да!
Бар құсқа ортақ табылсын,
Мен оны жасап алам ба!?
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі