Еврей қызы
Құлағыма үн келеді,
Ыңырсып, сыңсып Берлиннен.
Халыққа қара ту ілген,
Фашизмнің елінен.
Кең көшемен беттеген,
Көзім түсед жас жанға,
Көзінен аққан жас емес,
Ұқсайды қызыл нақ қанға.
Неге налиды, не жетпейді?
Бұл неткен жан десем мен,
Еврей қызы екен бұл,
Зарланған кәрі Берлиннен.
Іздегені сорлының,
Қызмет еді күнімен.
Естімеді басқа сөз,
«Еврейкасың» дегеннен.
Ұлы өмірге күйініп,
Шығады жалын демінен.
Ертеңіне сенбеген,
Сезіледі қайғы өнінен.
Қиялданып ойлайды,
Шықсам деп өмір шынына.
Кеңшілік, шіркін, күн туса,
Еврейдің деп қызына.
Естіледі сұлуға,
Бақытты біздің сәнді өмір.
Арман етіп аңсайды,
деп, — сол күнді көрсем бір.
Ойында оның жұбайы,
Мектептен кеше қуылған.
Шын жүрекпен сүйгені,
Еврейдің ер ұлынан.
Жолықпақ боп бақшадан,
Жұбайына шын сүйген,
Баққа беттеп келеді,
Таппаған соң досты үйден.
Отырған шығар, — деді ол
Қайғыға батып жұбайым,
Әр жерде зеңіп жүргенше,
Бүгін бір ақылдасайын.
Деп — баққа тура келгенде,
Сұлу көрді есіктен
Мынадай бір жазуды
Деген «Үйден верботен»
Көрген соң сұлу жазуды
Ыза сонша кернеді.
Лағнет айтты өмірге
Айқайлап қолын сермеді.
- Адамзаттың өмірін
Уландырған зұлымдар!
Сусынға қан ішуге
Құмарланған зұлымдар!
- Біздей адам баласын
Зарландырған зұлымдар!
Жетім-жесір сорлыны
Сандалдырған зұлымдар!
- Адам етін жейтұғын,
Сұрқия, сұм жауыздар!
Кел, қанымды ішіңдер!
Кел, сұмырай, қан құмар!
Қоршап қызды сұмырайлар,
Таяқты қарша жаудырды.
Қан ағызып селдетіп,
Есін қыздың тандырды.
Ашынған сұлу дауысы,
Таяқтан ұрған тұншықты.
Аяныш қалде сорлыдан
Ыңырсып қана үн шықты.
Құлағыма келген үн,
Сол сұлудың даусы еді,
Сол еврей қызының
Тұрмысы көзге елестеп.
Көзім түсед мұндағы,
Бақытты еврей қызына.
Әдемі түрі күлімдеп,
Жымиып тұрған сызыла.
Қарлығаш қанат қасына,
Жарасып тұр ісі оның.
Праволы өмірге,
Ұнасып түр түсі оның
Қарақат қара көзінен
Өмір оты жанып тұр.
Сыпайы сұлу сөзінен
Өнер, білім тамып тұр.
Шадыман тұрмыс елімде,
Еврей қызы — инженер.
Қызмет еткен халыққа
Мұғалім, пилот, дәрігер.
Еврей қызы елімде
Мектепте ерке оқушы.
Заводтарда — слесарь,
Фабриктерде — тоқушы.
Бақшада тұрып ән салған,
Еврей қызы сандуғаш.
Елім де оны сүйеді,
Үйткені ол іске мәш.
1940 ж. сентябрь. Двинск.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі