Мертікті арғымақ көңіл – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Мертікті арғымақ көңіл» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 629
Бірде тасу, бірде басу,
Алау көңіл қандай едің.
Қанжар мінез білмес жасу
Тозаң түспес сандай едің.
Күллі өмірдің бар тізгінін,
Асқақ ән мен жырға берген
Инеменен құдық қазып
Тереңінен інжу терген.
Адам едім, Адал едім
Әділеттің соңына ерген.
Араз едім, Наразы едім
Бос кеудемен көкірек керген.
Асырмаған, Жасырмаған
Ақиқаттың досы едім.
Билікті деп бас ұрмаған
Адалға ұран қосып едім.
Мұхит толқып, теңіз тулап,
Шайқалды өңір, өзгерді өмір
Төзе алмаған салмағына
Нәзік, мөлдір сынып небір,
Биік мерей аласарып,
Майырылды ақ алмас жеңіл,
Мертікті қайран арғымақ көңіл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері