Құрметті жер бетінің тұрғындары – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Құрметті жер бетінің тұрғындары» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.01.2022
  • 0
  • 0
  • 635
Құрметті жер бетінің тұрғындары,
Кетеді қаңтар айдың бір күн қары.
Айтыла да бермейді әннің бәрі,
Жазыла да бермейді жырдың бәрі,
Сіздерге не десем деп, не десем деп,
Оңаша қабырғаммен кеңесем көп.
Бұлт жатыр бұлдыр ойдың бауырында,
Жер жатыр жартаспенен теңесем деп.
Күнгейде күн тұрады, байқасаңыз,
Күбіде қымыран бар шайқасаңыз.
Біз кейін қадам бассақ, байқасамыз,
Біз кейде бейбіт шақта айқасамыз.
Қарлы тау, қарлығады көшкіндері,
Жас қайың булығады өскіндері.
Самырсын, шырша, қайың қар астында
Көзіңе жылы ұшырар кескіндері.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері