Өлең, жыр, ақындар

Қалың ой түсіп қамығып қалған күзгі орман

  • 14.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1253
Қалың ой түсіп қамығып қалған күзгі орман,
Тал бойы түгел тоңазып тұрған ізгі арман.
Алдымда менің тап-таныс дидар жалт етіп,
Танытып салқын шырайын, бөгде күз қалған.
Қыркүйек туды, басталды күзге аттаныс,
Жиналып құстар, қоштасып қанат қақты алыс.
Қыдырып бақта, әуенін күздің шерттім мен,
Таңырқай қарап, үңілген бетке жоқ таныс.
Әуенім мұнша әуезді. Соған қуанам,
Тағы да тағы... Лықсып кеп сұлу туады ән.
Кең алқаптағы бидай боп қызыл тербеліп,
Жүгірген желді бала күнгідей қуа алам.
Жыңғыл бар тағы тырбитып өскен саусағын,
Түс көреді олар сіміріп көңіл кәусарын.
Сілкінсе талдар, қанаты құстың дүр етіп,
Жабыққан орман еске алып жатыр бау шағын.
Жазды ойлай берме, қарағым, сен де қамықпа,
«Оралады ол...» деп сығалап ай тұр жабықта.
Күз келді солай, еңсеріп жаздың кеудесін,
Абыржып көңіл, түсе алмай қойды қалыпқа.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Айгөлек – ән

  • 0
  • 0

Әуезімен алма ағашын гүлдеткен,
Сіздің өнер жолыңыз да бір мектеп.
Үніңізден жапалақтап ақша қар,
Әніңізден жаңбыр жауған дірдектеп.

Толық

Қайран менің күндерім, құлаш керген

  • 0
  • 0

Қайран менің күндерім, құлаш керген,
Қанатының қағысы ұласты өрмен.
Жырларымнан жер-жаһан жалау ұстап,
Мекен-жайын бақыттың сұрасты елден.

Толық

Айналасын қуанышқа кенелтіп

  • 0
  • 0

Айналасын қуанышқа кенелтіп,
Тұра қалды жұпар иіске жел елтіп.
Желбегейін шешіп жатыр жасыл жаз,
Тырналарын жылы жаққа жөнелтіп.

Толық