Адам болып өзімше – Дәулетбек Байтұрсынұлы

Бұл бетте «Адам болып өзімше» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.03.2021
  • 0
  • 0
  • 1173
Адам болып өзімше,
Мен несіне шіренем?
Жүрек тоқтап, көз ілсе,
Жазылмайды жыр-өлең.
Бар тіршілік пенденің,
Есебіне құрылған.
Көкте – өкініш, жерде – мұң,
Бейуаз жандар қырылған.
Дүр дүлейдің еркімен
Өмір өксіп, налыған.
Айырылып пәк көркінен,
Жауыздықты таныған.
Негізінде бұл ғалам,
Әнге толы күй – алап.
Долыдай бет тырнаған,
Ашкөздік пен қиянат.
Жазбас едім ойымды,
Айналамды білмесем.
Бастап бетпақ ойынды,
Бүлдіреді бір «көсем».
Содан ары сор айдап,
Тоғытылып қайраңға.
Тоз-тоз болар сол аймақ,
Зар боп ұрттам айранға.
Баптағаным жыр – егін,
Дәнім – өлең, жиған көп.
Көшбасының жүрегін,
О, Жаратқан, иманды ет!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері