Өлең, жыр, ақындар

Чемпионға



Намысты жігерге қайрап,
Жинал да өзіңді қолға ап.
Берілмей, жеңілмей күрес,
Әдіс пен айламен ойлап.

Сиын да Аллаға жалғыз,
Қарсылас, әуреге салғыз.
Зертте де жеңімпаздарды,
Тосын сый жасай біл нағыз!

Жеңіліс жайлы ойлай көрме,
Боласың жеңімпаз сен де!
Бар әлем мойындау үшін,
Намысты қолыңнан берме!

Алып та, шалып та күрес,
Берілме, қайыстай сірес.
"Ең мықты боламын"- десең,
Тек қана мықтымен тірес!

Ерінбей жаттығып күнде,
Қылмағын салғырттық мүлде.
Біз саған сенеміз — ұлым,
Үнемі ала бер жүлде!

Гүлмекен Қасенбай
20.01.2023











Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз