Бар байлығым - Отаным – Дамир Ерболат

Бұл бетте «Бар байлығым - Отаным» атты Дамир Ерболат жазған отан туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Осы еді Патриоттық өр өлеңім,
Отан үшін арналған жыр дер едім.
Қазақстан міне менің туған жерім,
Өзіңде өсіп-өніп күн көремін.

Тұрғанда сайын далам не қысылам?
Бақытқа жетелеген тұс-тұсынан.
Өзіңсіз қалай өтер күнім менің,
Табиғаты таңғалтып жыр ұсынған.

Әндетермін, өзіңде жүрген кезде,
Ұқсамаспын шүкірсіз, надан езге.
Жасамаспын кейбіреудің әрекетін,
Алып ап чемоданын елден безген.

Қазақтың даласына жетер кімдер,
Асып кеткің келсе егер тең келіңдер.
Бұл далада Абай туған, Сәкен туған,
Солардың ұрпағына һәм сеніңдер.

Осымен тәмәмдалсын жыр-дастаным,
Өміріміз жылдам өтер бір қас-қағым.
Отанның алдында біз бас иеміз,
Әрқашан ашық болсын көк аспаным.


Пікірлер (1)

Асия

Өте керемет ,әсерлі

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бар байлығым - Отаным өлеңінің авторы кім?

Дамир Ерболат — осы өлеңнің авторы.

Бар байлығым - Отаным өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бар байлығым - Отаным өлеңі не туралы?

Бұл шығарма отан туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Бар байлығым - Отаным өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар