Қара шалғы

Бұл бетте «Қара шалғы» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жетелеп сонау жылдар қара шалды,
Қарасазда жүруші ең, қара шалғы.
Қара шалғы ішінде қарт пен сенің,
Талай-талай көріп ем тамашаңды.
Қалыпсың ғой қаңырап, қара шалғы.
Түбегінен түк қоймай Қарасудың,
Қарт екеуің қаншама аласұрдың.
Қаншама рет қапырық күн өткеріп,
Түн жамылып, қаншама таң асырдың,
Күркеде, жағасында Қарасудың.
Ойдың, қырдың шалғынды бөктерінде,
Ойын салмай сен де енді кеткенің бе?
Бір жарқ етіп қалушы ең ақ алмастай,
Бір-бір жанып құм қайрақ өткенінде
Сен-дағы пенсияға кеткенің бе?!
Аттандырып келмеске қара шалды,
Қаңыраған қорада қара шалғы.
Ұңғысынан сырығын суырып ап,
Тамызыққа келіні жаға салды.
Қала берді тат басып қара шалғы...


Пікірлер (6)

Роза бағланова

Кушті рахмет пайдама жарады

Нұлан

Мұқағали Мақатаев - мықты ақын!!

@

Күшті

Кукии

Күштиии

Уалихан

Ностальгия

Мақсат

Мұқағали Мақатаевтың «Қара шалғы» өлеңі – қазақ поэзиясының ең лирикалық, ностальгияға толы туындыларының бірі! Мұқағали ағамыздың сөзі тағы да жүректі қозғайды – қарттық, өмірдің өтуі, ескі күндердің естелігі, табиғатпен байланыс соншалық шынайы берілген.

Поэзияны сүйетіндерге, Мұқағалидың шығармаларын қадірлейтіндерге, ауылдан шыққан немесе ауыл өмірін білетін әр адамға міндетті түрде оқуды ұсынамын – әр шумағы жүрекке жетеді, ой салдырады. Мұндай асыл сөздерді жариялау – ұлттық мәдениетті байыту.
Қара шалғы қаңырап қалса да, Мұқағалидың жыры мәңгі жасайды! ❤️

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қара шалғы өлеңінің авторы кім?

Мұқағали Мақатаев — осы өлеңнің авторы.

Қара шалғы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қара шалғы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мұқағали Мақатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қара шалғы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері