Алтай – Ермек Өтетілеуов

Бұл бетте «Алтай» атты Ермек Өтетілеуов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.04.2019
  • 0
  • 0
  • 5913
Шығыста асқар аймағым –
Асыл Алтай, ер Алтай.
Жасыл теңіз – Тайганың
Сыңсып тұрған төрі – Алтай.
Май қарағай, шыршалар
Бөктерімен өрмелер.
Мойыл, бүрген, аршалар
Самал желмен тербелер.
Қар мұнартқан биікте
Аязына қарамай,
Бағалы ағаш мүлікке –
Өсер сағызқарағай.
Қойнауында жарқырар
Зайсаны мен Марқакөл,
Өзен, бұлақ сарқырар,
Асып талай қырқа, бел.
Білгін Мұзтау екенін,
Орманы оның –
Аюдың,
Қабан, Марал мекені,
Шығыста асқар аймағым –
Асыл Алтай, өр Алтай,
Бұзылмаған қаймағы
Орман көлдің төрі – Алтай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алтай өлеңінің авторы кім?

Ермек Өтетілеуов — осы өлеңнің авторы.

Алтай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алтай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ермек Өтетілеуов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алтай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері