Күз – Ермек Өтетілеуов

Бұл бетте «Күз» атты Ермек Өтетілеуов жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 23.04.2019
  • 0
  • 0
  • 11463
– Алақай!
– Алақай!
Шаттанады
Балақай:
– Жез түсті
Күз түсті.
Жон үсті,
Дән пісті.
Жер берді
Жемісті,
Игерді ел
Егісті.
Толымды,
Жеңісті.
Сабақты
Сағындық,
Мектепке
Ағылдық.
Бір сынып
Жоғары
Көштік біз,
Бір-бір жас
Өстік біз,
Береке –
Салты күз,
Мереке –
Алтын күз!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері