Жер шары – Дәулетбек Байтұрсынұлы

Бұл бетте «Жер шары» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.03.2021
  • 0
  • 0
  • 1674
Құрлықтар қалқыған қайықтай,
Жер шары бетінде жүзеді.
Басынан қатері айықпай,
Дауыл да үмітін үзеді.
Шар бетін қаптаған көк теңіз,
Жасыл жағалау сәл тыныс.
Байқалар әр тұстан өткел, із.
Өзіне қымтаған тартылыс.
Төгіліп қалмайды, шайқалып,
Буланып кетпейді бұрқырап.
Алыстан қарайды Ай талып,
Айналар ұршықтай зырқырап.
Құрлықтың су қысқан бүйірін,
Толқындар ұрады қапталын.
Алдыңда апан бар иірім,
Зулатып барады қатты ағын.
Мекен ғып адамға берді Алла,
Қонақтың бір түстік асындай.
Осындай сыналар жер бар ма?
Ұшуда сақпанның тасындай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері