Октябрьдің немересі – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Октябрьдің немересі» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 878
Нық құйылған шын құрыштан
Біздің өмір керегесі.
Қуан, мәңгі бақыт құшқан,
Октябрьдің немересі.
Туған күнін жаңа өмірге
Тойлап жарқын Октябрьдің,
Бақыт құшқан елмен бірге,
Қаһарманы сенсің жырдың.
Бірі — малшы, бірі — кенші,
Бірі — егінші ағаларың.
Еңбекте көп ерлік енші,
Аялаған аналарың.
Тағы көктен бұлтты сөксін,
Шырқап шаттық дауыс бүгін.
Қызыл тудай желп-желп етсін,
Жайнап қызыл галстугың.

1948


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері