Өлең, жыр, ақындар

Тау қызы

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1232
Тұр Алатау ұйқысынан оянып,
Ұстап жібек бұлт шатырын басына,
Ақ төсіне бозғыл тұман оралып,
Қарағайы иығына асыла.
Күнге еркелеп кеудесінде тас құздың,
Не тілейсің дегендей - ақ таңда,—
Төсіндегі анарында жас қыздың
Нарттай қызыл көз тартады алмасы.
Тау бұлағы бұрымында сұлудың
Құздан құлап жатыр ағып сылаңдап,
Етегінен тау басына шығу мұң,
Жылан іздей жатыр тар жол бұраңдап...
Сол тар жолмен таудан төмен құлдырап.
Лақтырылған тастай біреу келеді;
Көзге алыстан көрінеді бұлдырап,
Тас па, адам ба, аң ба, әлдекім біледі?
Осы таудың етегінде колхоздың
Көріп тұр ем алтын дәнді егінін,
Түсті таудан аттылы қыз,— бұл қыз кім?—
Жылқы баққан сұлуы екен елімнің.
Амандасып, шөлдедің бе деп, аға,
Жан торсықтан берді құйып қымызын,
Сыйлағанды сыйламасқа бола ма,
Көрдім таудың мырзалығын қызының.
Сұлу қолмен қымыз құйып бергендей
Тамылжыған шырын тәтті лебізді,
Тауға көзім түсіп кетсе кергендей
Боламын да тұрамын мен сол қызды.

1948



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бәйтерек тамыры

  • 0
  • 0

Сәл өткінші жаңбыр жуған
Сыланып бір сай мен сала,
Жалын жұта жаны нұрдан
Тұр балбырап балғын дала.

Толық

Көңілім

  • 0
  • 0

Жаңа жаным жадырап жайраңдады,
Жада күн шашты әлемге алтын нұрын.
Жаңа шабыт шарқ ұрып, тіл сайрады,
Жеткендей жер түбіне асқақ үнім.

Толық

Аспандай кең ашылған

  • 0
  • 0

Күлім көз көктен жарық етіп,
Жайғанда қанат жадырап,
Қар әр жерден жалт етіп,
Суға айналды жамырап...

Толық

Қарап көріңіз