Сенің туған отаның

Бұл бетте «Сенің туған отаның» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 725
Жайна гүлдей жадырап,
Жас жеткіншек ұланым.
Қызыл ту нарттай албырап,
Келді Октябрь мейрамың.
Октябрьді туғызған
Ата-бабаң қан кешіп.
Октябрь бел буғызған,
Талпынған жасқа таңда өсіп.
Қуаныш үні қосылған,
Құлпырып қала, далада.
Бақыт берген осы таң
Алуан ана, балаға.
Шат жүректен сызылтып
Ән шырқаған пионер,
Білімнен гауһар тізілтіп,
Жүрегіңе құй өнер.
Мойныңда шоқтай көрінген
Қызыл жібек орамал,
Тамылжыған әніңнен
Таң бұлбұлы оянар.
Тойда көріп бойыңды,
Қызығыңа ел қарапты.
Ойынға бөлмей ойыңды.
Оқы, ұланым, сабақты.
Дариядай ойды тасытқан,
Білімнің көзі ашылған.
Таңыңда таңдап машықтан.
Мамандыққа жасыңнан.
Мамандық көп үйренер,
Білім теңіз шолсаңыз,
Профессор, инженер,
Ақын, жыршы болсаңыз.
Заманында құштың нұр.
Дана Ленин атаның.
Таудай еңбек күтіп тұр
Сендерден ұлы Отаның.

1948


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сенің туған отаның өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Сенің туған отаның өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сенің туған отаның өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сенің туған отаның өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері