Өлең, жыр, ақындар

Ерік

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 563
Тағдыр - менің туған әкем.
Ащы қайғы - абзал анам,
Ағаларым құшағыма
Жоламайды, болса да адам;
Мін санайды бойларына
Аймаласып - айналуды
Мендей ғаріп –
Жетім жаннан!
Бірақ тәңір берді есіркеп,
Жас келіншек жайнаңдаған,
Берді еркіндік теңдесі жоқ,
Берді ерік жайраңдаған;
Еркіндікпен таптым бірге,
Өзге туыс, ата-ана,
Әкем менің - алыс аспан,
Анам менің - байтақ дала;
Бағып-қағып өсірді олар,
Сусын, қорек - дайын бәрі;
Ағаларым - қара орманның
Қарағай мен қайыңдары.
Маған дала үн қатады,
Жүйрік мініп шапсам заулай;
Жүрсем кезіп түнде тағы –
Сәуле себер аспаннан ай;
Ағаларым жазды күні,
Жайқатылып жапырағы,
Изеп басын, бұлғап қолын,
Саясына шақырады;
Салды еркіндік маған ұя,
Кеңдігі де сол ұяның –
Кеңдігіндей дүнияның!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жауап

  • 0
  • 0

Кімде-кім тартып азапты,
Жасытса жастық жігерін,
Қорқыныш, үміт ләззаты
Тебірентпес оның жүрегін.

Толық

Қоштасу

  • 0
  • 0

Кешір,
кешір!
Үн бе,
мұң ба?

Толық

Оссианның табыты

  • 0
  • 0

Түкпірінде сұр тұман,
Далада, боран, дауылда,
Моласы тұр Оссиан
Шотландиям тауында.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер