Өмір кесесі – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «Өмір кесесі» атты Михаил Лермонтов жазған өмір туралы өлең берілген.

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 730
1
Кесесінен тұрмыстың
Ішеміз көзді тас жұмып.
Ернеуін алтын ыдыстың
Көзден аққан жас жуып.

2
Хош аларда өлімді
Түсер көзді таңғаның.
Не жұбатса көңілді –
Көрерсің қараң қалғанын.

3
Алтын кесе бұрыннан
Бос боп шығар қолдағы.
Арман екен құйылған –
Біздікі емес - ол-дағы!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері