Қалдыңыз кезігіп – Құралай Омар

Бұл бетте «Қалдыңыз кезігіп» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.03.2021
  • 0
  • 0
  • 715
Қалдыңыз кезігіп,
Жанардан жылулық сезіліп.
Өкініш таптаған жүректе
бүр жарып тез үміт.
Таңдайға дәмі кеп бақыттың
Тамсанып, кетуші ем көз іліп.
Ал қазір бірі жоқ.
Тек қана қимастық қинайды
Кеудемде езіліп.
Алданыш іздейміз.
Азаптап.
Келемін сүйретіп сүлдемді
Құлауға аз-ақ қап.
Күйімді түсінбей қаңтардың аязы
Сақылдап күледі мазақтап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері