Тірелдім тұйыққа – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Тірелдім тұйыққа» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.08.2021
  • 0
  • 0
  • 562
Тірелдім тұйыққа,
Зіл батпан иықта.
Бұл өмір шуағын
Мәңгіге қиып па!
Арқамда аға жоқ,
Іні жоқ , бала жоқ,
Күреске шама жоқ,
Көнбеске шара жоқ.
Бала жоқ, – пана жоқ,
Көңілде нала көп
Жүректе жанады от
Жанымда жара көп.
Айығар шама жоқ,
Дұшпанға таба боп
Отырмын бейдауа
Шүйкедей ғана боп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері