Бұл бетте «Бүгін, ертең» атты Бернияз Күлеев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жаздың алды, жас өмірім солады,
Сарша тамыз, от жүрегім тоңады.
Көкірегімді кернеп кейде шыдатпай,
Бірдеңе деп сөйлегендей соғады.
«Жібершілеп» тасыр салған ой ма екен,
Немене екен, әлде жегі жей ме екен?
Сергек көңілім құлақ салып тыңдап ед,
«Бүгін, ертең, бүгін, ертең» дейді екен.
Не дегені, дені сау ма, тентек пе?
Күні бүгін, яки ертең ертпек пе?..
Тегіндік пе, қуаныш па, қайғы ма?
Бүгін, ертең мәңгілікке кетпек пе?
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі