Жабықтырып күрең тiрлiк, күрең күн – Құралай Омар

Бұл бетте «Жабықтырып күрең тiрлiк, күрең күн» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.03.2021
  • 0
  • 0
  • 703
Жабықтырып күрең тiрлiк, күрең күн,
Таба алмадым сезiмiмнiң бiр емiн.
Аспан жақта болғаннан соң тiлегiм,
Солай қарай сандалады жұдырықтай жүрегiм.
Алайда мен тiрi едiм!
Елдiң сөзiн естiп қалдым:
“Аман-есен жүр” деген.
Естiп алып езу жимай, күлген ем.
Жан аспанда, жұмыр жерде құр денем,
Жүргендiгiн ешқайсың да бiлмеп ең.
Бiлмегенiң дұрыс болар –
Үндемен.
Ұшып барад бiрдемем,
анау түпсiз ғарышқа.
Ей, ақша бұлт, менiменен жарыспа.
Қиялымнан жүйрiк емес шығарсың,
Бара алмайсың алысқа.
Адастырар мен баратын тұңғиық,
Бiрi жатыр тым төменде,
Ал бiреуi тым биiк.
Одан да бұл ақылыма бағынбайтын жүрекке
Берсеңдершi үн құйып.
Өтiнемiн, ақша бұлт...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері