Соңғы хат – Құралай Омар

Бұл бетте «Соңғы хат» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.03.2021
  • 0
  • 0
  • 1006
Өтті тағы күз міне...
Жолықтырған екеумізді
Тіл қаттырған үздіге.
Жыл көшсе де көмескі тартпасын деп,
Жүрегімнің түбіне жерлегенмін сізді мен.
Ұмытқам жоқ, бәрі әлі есімде,
Өзіңізсіз таңдарым да, өзіңізсіз кешім де.
Қайта айналып келмесіңіз мәлім болған күні мен,
Өлілердің қатарына қосқанмын, сосын сізді кешіргем.
Тірілмейсіз мен үшін, мейлі қанша ақтасам,
Өшпес тағы кеудемде күйе жағып, даттасам.
Кешіңізші, көргенде жылы қабақ танытып,
Жадырап тіл қатпасам,
Кешіріңіз және де бейнеңізді көңілімде сақтасам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері