Азаттығым – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Азаттығым» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.10.2021
  • 0
  • 0
  • 2791
Атажұрттың қазығына байланған соң кіндігім,
Арқандаулы арық аттай шыр-айналған тірлігім.
Таң атқаннан күн батқанша өз басымен әуіре,
Арпалысқан бұл жалғанда ұғып жатыр кімді кім?
Қанатымды шаңға малып тіршіліктің қамы үшін,
Тауық та бір, мен де бірмін теріп жеген тарысын.
Бостандықтың бір тал шашы түсер болса егер де,
Қынабынан суырылар қылшылдаған намысым!
Жеткен жан жоқ қуғанменен сұм дүние шетіне,
Фәни менен бақи барда бөлінесің екіге.
Азаттығым, тиер болса суық ызғар бетіңе,
Жүрегімді қалқан етем соққан желдің өтіне!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері