Сары сезiм қойғаннан соң ағармай – Құралай Омар

Бұл бетте «Сары сезiм қойғаннан соң ағармай» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.03.2021
  • 0
  • 0
  • 812
Сары сезiм қойғаннан соң ағармай,
Көпшiлiктен саяқ кетiп, жекелеп,
Баққа келдiм жаным дауа табардай,
Өзiмдi өзiм... сосын үмiт жетелеп.
Бүтiн көңiл жарты болған, жарылып.
Ауыр екен сағыныштың салмағы.
Аңсағаным, күтем деймiн сарылып,
Сөкпеңiзшi, төзiм мүлде қалмады.
Таусылдым-ау, тауым қоса шағылып,
Саябақтан жылап қайттым, түнерiп.
Жалғыз... жалғыз жүрек отыр тағы ұлып,
Жанарыма, жамалыма мұң ерiп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сары сезiм қойғаннан соң ағармай өлеңінің авторы кім?

Құралай Омар — осы өлеңнің авторы.

Сары сезiм қойғаннан соң ағармай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сары сезiм қойғаннан соң ағармай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Құралай Омар өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сары сезiм қойғаннан соң ағармай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері