Үміт – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «Үміт» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 811
Гүл көмкерген жұмағыңның ермегі
Күміс көмей сандуғашым бар менің.
Бірақ оның сәби талға қонақтап,
Бір де күндіз сайрағанын көрмедім.
Жаны туыс кеудедегі дүрсілмен
Қызыл орай құмыр құстың күрсінген.
Қанаттары алтын тозаң сепкендей
Салады еске таңғы бұлтты нұр сіңген.
Ауысқандай басқа өмірге кеңірек,
Тыныш түнге оранғанда төңірек,
Жан-жүйеңді шымырлатып, шіркін-ай,
Сайраудайын сайрайды-ау ол не керек!
Кек мұхиттай алай-дүлей тулап іш,
Ауыр мұңды лақтырады бұла күш.
Сол бір әуен қонағыңдай қымбатты
Көңіліңе әкеледі қуаныш!
Түте-түте болған кезде түбіт көк,
Әнге ғашық жүрегіңді жібіт деп,
Жан-жүйемді елжіреткен үні үшін
Бұлбұлыма ат қойдым мен үміт деп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері