Таң да атар, күн де батар

Бұл бетте «Таң да атар, күн де батар» атты Тыныштықбек Әбдікәкімұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.09.2022
  • 0
  • 0
  • 1379
Таң да атар, күн де батар... кешқұрым. Сол
бір тірлік қалыпты.

Ай да туар, сақалындай ешкінің. О да
өзгермес, жарықтық.

Менікі де – көрген күні Бақсының... Ел
тым ынтық жұмбаққа.

Көз еттерін көңіліме жапсырып,
көлгірсумен тынбақ па?..

Олар, егер, санадан тыс күш барын
қойған болса түйсініп,

құлқындардың қызыл жолын ұстану –

қай құдайға сүйсіну?..

Мықтылары шырт түкіріп Аспанға, жер
шұқуда әлсіздер...

Ұятынан өлетіндер сасқан ба, өле
алады менсіз де ...


Бәрі-бәрі заңдылыққа бағынар,
әрбір іште «ит өліп»...

Бір есікті жабылатын жағынан
жүргендейміз итеріп.

Жұмбақтық – сол, аша алмайтын еш ғылым...
Зарықпасқа зарықтық.

Ай да туар, сақалындай ешкінің.
Жарықтық... жарықтық...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Таң да атар, күн де батар өлеңінің авторы кім?

Тыныштықбек Әбдікәкімұлы — осы өлеңнің авторы.

Таң да атар, күн де батар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Таң да атар, күн де батар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тыныштықбек Әбдікәкімұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Таң да атар, күн де батар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар