Туған жер дала, белдері – Серік Тұрғынбеков

Бұл бетте «Туған жер дала, белдері» атты Серік Тұрғынбеков жазған туған жер туралы өлең берілген.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1080
Туған жер дала, белдері,
Шаршамай талай шарлаған.
Тыңдамай өтер кермені
Ендігі тұлпар мен болам.
Туған жер өзен, көлдері,
Көздерді талай арбаған.
Демей бер дәйім сен мені,
Ендігі сұңқар мен болам.
Туған жер жасыл жайлауы,
Сыйлаңдар гүлді елге әман.
Сарқылмай жатқан қайнары
Ендігі бұлақ мен болам.
Ырғалып тұрған қырдағы,
Ендігі құрақ мен болам,
Жарқырап жанар шыңдағы
Ендігі шырақ мен болам.
Туған жер дауыл, желдері,
Тірліктің күйін толғаған.
Еңсесі биік елдегі
Ендігі ақын мен болам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері