Өлең, жыр, ақындар

Ал, дүние, өтеріңді біліп едім

  • 12.11.2015
  • 0
  • 4
  • 17791
Ал, дүние, өтеріңді біліп едім,
Білдірмей серілік пен жүріп едім.
Бұл күнде арық қойдан бағам кейін,
Үш жүзді сайран қылған Біржан едім.
Қара су есік алды ылайланды,
Бай қылмақ, кедей қылмақ құдайдан-ды.
Қамзалдай қысқа пішкен дөңгеленіп,
Дүние өтерінде шыр - айланды.
Ағаш үй от жаққаным қобылы пеш,
Құдай-ау, ғапу етіп күнәмді кеш.
Теміртас, Асыл, Ақық - екі қарғам,
Байлаулы арқандағы қолымды шеш.
Теміртас, Асыл, Ақық қалдың зарлап,
Ежелден мирас екен зарлап қалмақ.
Көз көрген құрбыларға сәлем деңдер,
Дұғасын оқи берсін әдейі арнап.
Ел кездім Көртөбелмен арықтатып,
Жақсыға сөз сөйледім анықтатып,
Үш жүздің ортасында Біржан едім,
Бұл күнде қойды құдай шалықтатып.
Теміртас, Асыл, Ақық балдан тәтті,
Кем қылмай өсіріп ем салтанатты.
Әкең ем аяйтұғын жаның ашып,
Шешсеңші, білегіме арқан батты!



Пікірлер (4)

Айя

Бұл өлеңнің аты негізінен Теміртас еді...

Айя

Бұл өлеңнің аты Теміртас, ауыр халде, өлім алдында жатқанда жазған

Жақсылық

Шынында бұл әннің аты Теміртас.

Жақсылық

Шынында Теміртас

Пікір қалдырыңыз

Бірлән

  • 0
  • 0

Қарағым, айналайын, көз көргенім,
Жоқ сенен көңілімде өзге менің,
Сөзің бал, тісін, меруерт, беу қарағым,
Есімде «мен сендік» деп сөз бергенің.

Толық

Ақжорғажан

  • 0
  • 0

Басына кәмшат бөрік қиғашырақ,
Қыз сапы бас болғанда, біз — шам-шырақ.
Ала үйрек, алма мойын перизатым,
Болмаппын сізбен таныс бұрынырақ.

Толық

Көкек

  • 0
  • 0

Кім сүймес шешек атқан көкек айын.
Бейне жаз менің сүйген сәулетайым.
Ақ қалқам, отыр ма екен, жатыр ма екен.
Ей, көкек, ұшып барып, білші жайын.

Толық

Қарап көріңіз