Өсектің күші туралы
Бұл бетте «Өсектің күші туралы» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қадірсіздің өсегі шаң сияқты,
Бір сілкінсең қалмайтын.
Қадірлінің өсегі заң сияқты,
Жалған десең нанбайтын.
Қадірсіздің өсегі әзілмен тең,
Бір күлуден қалмайтын.
Қадірлінің өсегі ажалмен тең,
Жаныңды алмай қоймайтын.
Я, жасаған, ынсап бер, қайырым бер.
Қадірі артқан ағаға.
Ұялмаса жазасын бер,
Келтіре көр тобаға.
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі