Жаза
(баллада)
Көбелектің қызықтап бұла шағын,
көтереді бәйшешек шынашағын.
Желге ілесіп, күнұзақ дала кезер,
желкілдетіп шудасын түйе-сағым.
Қыбырлаған алыстан нелер еді?
Қыран ғана анықтап көрер еді.
Жау мен елді айырмас жалғыз соқпақ
жарлы үйіне жетелей жөнеледі.
«...Бастап келмей әркімді, аңғал соқпақ,
жалғыз үйді кесірлі жаннан сақта!»
...Біреу келді, Күн оты жана-жана,
қазан-Аспан астында сөнген шақта.
Біреу келді, есікті түре кірді,
қолшоқпарын қарына іле кірді.
Қарс жабылған кәпірдің қабағын-ай,
қамыр етіп илердей жүрегіңді.
Үй иесі қалбаңдап ұшып тұрды, бұрын
мұндай көрмеген бұзық түрді! Күтіп жүрген
қас жауын қарсы алғандай күжірейіп,
тулақтан мысық тұрды. Көрмей жүрген жан
– осы, қарсылықты. Қолындағы шоқпар мен
қамшы мықты.
Екі көзі – қос қанжар, қос
қанжардың
қылшылдаған жүзіне қан жұғыпты.
Содырлыққа сойдиған тістері бейім. Тамақ
тілеп, тарта ма іш кернейін?
Қара мысық о дағы қарап қапты, Қара
Түннен үзіліп түскендейін.
Сыр бермейді талайға куә мыстан, Ырым да
жоқ үнінде жылы ағыстан. Жалғыз лағын
батаға домалатып, жарлы жігіт алдында
құрақ ұшқан. Қалың қабақ қалқалап ішкі
райды, қарсұрға қар мұрт сұс қарайды.
Көлденеңнен түсіп ап,
көздерімен
келіншектің мықынын қысқылайды.
Жатты солай қабарып сол бір адам, хабары
жоқ өнерден, домбырадан. Ақырында
алдына дәм де келді,
уыз лақтың еті боп балбыраған.
Ұрынарға жан таппай...
түніменен
ұйықтар ма екен осы үйде шыныменен?.. Ет
дәметкен мысықты ас үстінде
ұрып қалып кездіктің қырыменен, Озбыр көңіл
өзінше тыншығандай. Жазғырмақшы қонақты
сыншы қандай? Қара мысық ілезде ғайып болған.
Қасақана кетті ме үн шығармай? Қиянатын
үлгерді жасап адам!
Үй иесі аумайды тас обадан. Мысық
кетіп қалса да, мұздай етіп,
Түн тұмсыған сұғады босағадан.
Жарығынан жартастың байғыз ұшып,
әлденеге жүргендей қайғырысып. Бұлтқа
сүйеп маңдайын, қыбыр етпей, Тау
басында күбірлер Ай құнысып.
Қарын тойып, бір сәтке көңілденген
жолаушыға
тиіпті орын төрден.
Бара-бара, Ой сөнер өзектегі, бара-
бара, су ағар еріндерден... Ұрып
жығып ұры-ұйқы білектіні, бара-бара,
таң да атар.
Реттілік.
Жарлы жігіт – жарымен, ояу жатыр: жанар
жұмық болғанмен, жүрек – түрік. Жатыр
тыныш қаперсіз қосақ адал. Байғыз үні
өшуін тоса ма Таң?.. Қорылына қонақтың
мұздай етіп
Түн тұмсығын сұғады босағадан.
Үнсіз-түнсіз үрейлі... кез... күмәнді. Ұйқы
басқан Санада – Сөз тұманды... Тұман-
Сөзге кенеттен тырнақ бітіп, тырнақ ұшы
жап-жасыл көз тұтанды!
Жап-жасыл көз, тырнақты! ... қылшыл-бүлік!.. жай
оғындай жарқ еткен тылсымдылық!..
Айғай салды сұм қонақ төр жақтағы,
көз тұсында қып-қызыл нұр шыңғырып!..
Парыз болып қалмасын өтелмеген,
тыңдап көрсін құлақтар еті өлмеген.
Байқайсыз ба,
осынау тіршіліктің
мысығы да жәбірді көтермеген.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі